Жоғарғы сот қызметкерлері Астанадағы қарттар үйінің тұрғындарын Отбасы күнімен құттықтады.
Олар қарияларға концерттік бағдарлама ұйымдастырып, тұрмыстық техникалар тарту етті. Сондай-ақ, қарттар үйінің қабырғасында жүріп отбасын құрған жұптарға бағалы сыйлықтар үлестірді.
Бүгінде бұл мекемеде 300-ге жуық адам тұрады.
Айдана ҮСЕНБАЙ