Туристік қалалардың халықаралық саммиті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Туристік қалалардың халықаралық саммиті

13.09.2014
Туристік қалалардың халықаралық саммиті

Дәл осы Қызылордадағы көпір құрылысының жұмысын тоқтатпай, уақытылы қаржы бөлу мәселесі осы аптада Парламент Мәжілісінде көтерілді. Депутат Уәлихан Бишімбаев қажетті ақшаны дер кезінде бөлуді сұрап, Үкімет басшысына сауал жолдады.

Ал құрылысы бұдан да қарқынды жүріп жатқан Алматы қаласы тағы бір белесті бағындырып отыр. Табиғаты жанға жайлы шаһар былтыр Туристік қалалардың халықаралық федерациясының толыққанды мүшелігіне өткен еді.

Көп ұзамай, дүниежүзілік туристік ұйымның президенті Халел Талеб Алматы маңында салынатын «Көк-Жайлау» тау-шаңғы курортының жобасымен танысты.

Туристік қалалардың халықаралық федерациясы – әлемдегі туристік қалаларды орталықтандырған жалғыз ұйым. Штаб-пәтері Бейжіңде орналасқан. Қазіргі таңда 73 қала мен 42 туристік ұйым мүшелікке енген.

Жыл сайын қыркүйек айында туристік қалалардың форумы мен көрмесін өткізу дәстүрге айналған. Бұл жолғы саммит Бейжіңдегі ЕХРО қалашықта ұйымдастырылды.

Дәурен ДАРИЯБЕК

Хабарламаларға жазылу