Алматы облысында 744 елді мекен бар. Олардың 222-і ауызсудан тапшылық көріп отыр. Дәлірек айтқанда, бұл ауылдар орталықтандырылған су жүйесіне қосылмаған.
Елді мекеннің көпшілігі амалсыздан тазалығы күмәнді құдықтың, қоқысқа толы өзен-көлдің, енді бірі көнеден қалған ескі ұңғымалардың сапасыз суын тұтынуға мәжбүр.
Мәселені шешудің оңай жолы Көлтабанды 5 шақырым жердегі Қызылағаш округіне ауыстыру. Ал ауылдың ауызсуын орталықтандыру жоспарда болған. Кететін шығыны да есептеулі. Бірақ шенеуніктер кейінге шегере береді, дейді ауыл тұрғындары.
Көлтабан ауылының ауызсу мәселесін облыстық мәслихаттың күзгі сессиясына енгізу жоспарланып отыр. Тұзды су ішкен тұрғындардың ендігі бар үміті халық қалаулыларында.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ