Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру үшін не қажет? «Қазақстан азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Нұрлан Ерімбетов пен қызылордалық үкіметтік емес ұйым өкілдерінің басқосуында осы мәселе талқыға түсті.
Жиынға аймақтағы азаматтық қоғам өкілдері түгел қатысты. Олар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауда жиі кездесетін қиындықтар туралы сөз қозғады.
Үкіметтік емес ұйым саласында стандарттау жүйесін енгізіп, қаржыландыру кезінде ол ескерілсе деген ұсыныстар да айтылды. Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін көтеріп, жұмысын ширату үшін үйлестіру кеңесін құру қажеттігі де алға тартылды.
Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ