Жаттығу залы оңалту орталығына айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаттығу залы оңалту орталығына айналды

12.09.2014
Жаттығу залы оңалту орталығына айналды

Осыдан 3 ай бұрын Талдықорған қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаттығу залының ашылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Бұл мекеменің иесі мүмкіндігі шектеулі жан екенін де жұрт жақсы біледі. Мемлекет қолдауымен жұмысын бастаған жаттығу залы араға көп уақыт салмай-ақ, өңірдегі үлкен оңалту орталығына айналды.

Талдықорғанда мүгедектердің жағдайын жақсартуға көп септігін тигізетін арнайы зал ашылғаны тез тарап кетті.

Мүмкіндігі шектеулі жандар еліміздің әр аймағынан көптеп келе бастады. Басым бөлігі - жүріп-тұрудан үмітін үзіп, арбаға таңылғандар.

Бүгінде олар ұзақ жаттығулардың арқасында белгілі бір жетістіктерге қол жеткізіп келеді.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу