Алматыда «Жетімге жанұя жылуын сыйлайық» акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Жетімге жанұя жылуын сыйлайық» акциясы өтті

12.09.2014
Алматыда «Жетімге жанұя жылуын сыйлайық» акциясы өтті

Игі іс - «Қазақстан – жетімсіз ел» жобасы аясында ұйымдастырылып, оған балалар үйінің тәрбиеленушілері мен саясат, мәдениет саласының өкілдері қатысты.

Қазір елде 10 мыңға тарта ұл-қыз балалар үйінде тәрбиеленеді. Олардың 50 пайызы мектеп бітірген соң, 5 жыл ішінде түрлі қылмыстық ортаға түсіп жатады.

Қоғамда өз орнын таба алмаған мұндай жеткіншектерге ата-ана қамқоры қажет.

Шара аясында балаларды жебеу мақсатында қызықты бағдарлама, қойылымдар көрсетіліп, балдырғандар көпшілік назарына көрікті киім үлгілерін ұсынды. 

Жазира ИСАЕВА

 

Хабарламаларға жазылу