Астанада Отбасы күніне орай игі іс өткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Отбасы күніне орай игі іс өткізілді

12.09.2014
Астанада Отбасы күніне орай игі іс өткізілді

Мектепке қазіргі оқушылар оқу үшін емес, қымбат ұялы телефондарымен мақтану үшін барады. Тіпті, оқушылар арасындағы бітпес бәсекеге айналды. Сондықтан, мектептегі бала тәрбиесіне жіті көңіл бөлу керек.

Бұл туралы бүгін Отбасы күніне орай ұйымдастырылған үкіметтік емес ұйым өкілдерінің кеңесінде айтылды. Кеңесте отбасы құндылықтары, ерте және мәжбүрлі некенің алдын алу тақырыбында ашық әңгіме болды.

Құнды деген пікірлер Білім және ғылым министрлігінің назарына алынып, қорытынды шығарылатын болады.

Кеңестен соң миында ауытқулар мен Даун синдромы бар балалар мен олардың ата-аналары үшін дастарқан жайылып, мерекелік кеш ұйымдастырылды. Онда өздері би билеп, ән салды. Осылайша, қамкөңіл балалар мен ата-аналар бір қуанып қалды.

Алтыншаш Мұқатаева, І топтағы мүгедек:

Өте қатты ұнады. Мұндай іс-шаралардың жиі болып тұрғанын тілер едім. Балаларға денсаулық тілеймін.

Ырзабек Өтебаев, «Аспан арыстаны» қайырымдылық қоры басқарма кеңесінің төрағасы:

Мереке күндеріне орай, Астанадағы ДЦП ауруымен ауыратын 35 баланы ата-аналарымен бірге осында әкеліп, қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырдық. Мұнда атқа мінеді. Әртүрлі ойын ойнап, көңілдері көтеріледі.

Досымжан ЕРМҰРАТ

 

Хабарламаларға жазылу