Алматыда қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі түлектерінің форумы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі түлектерінің форумы өтуде

12.09.2014
Алматыда қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі түлектерінің форумы өтуде

Бүгін Алматыда қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің түлектері тұңғыш рет форум ұйымдастырып, қазіргі жетістіктерімен бөлісті.

Мектеп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен 1997 жылы ашылған.

Шараға мектептің тұңғыш ректоры мен мектеп ұстаздары, сондай-ақ, денсаулық сақтау ұйымының мамандары қатысты.

Кадрлар білімін жетілдіру мақсатында 2012 жылдан бастап мектепте MBI бағдарламасы қолға алынып, халықаралық талаптарға сай білім беру жүйесі құрылған.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу