Ерлі-зайыптылар жас қыздарды саудалап тұрған жерінде қолға түсті.
50 жастағы ер адам мен оның 35 жастағы жұбайы ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мамандарының назарына осыдан бір ай бұрын іліккен.
Көрші өңірлердің газеттеріне хабарландыру беріп, жас қыздарға 1 мың доллардан басталатын жалақы төлейміз, деп алдаған. Сөйтіп қармақтарына түсірген бойжеткендерді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.
Жедел іс-шаралар барысында олардың заңға қайшы жат тірліктермен айналысатындары анықталып, тұтқынға алынды.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ