Алматы күнін тойлау оркестрлер шеруімен басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы күнін тойлау оркестрлер шеруімен басталды

11.09.2014
Алматы күнін тойлау  оркестрлер шеруімен басталды

Алматы қаласы күнін тойлау  дәстүр бойынша  оркестрлер шеруімен басталды. Шаһар жұртшылығы мен қонақтары орталық Мәдениет және демалыс саябағында классикалық музыкадан концерт тамашалады. 

Үш күнге созылатын шарада «Отырар сазы» этнофольклорлық оркестрі әйгілі шығармаларды орындайтын болады.

Қанат Ахметовтің жетекшілігімен Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі  «Мысықтар», «Юнона мен Авось», «Чикаго»  сынды белгілі мюзиклдарды орындамақ. 

 

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу