Оңтүстік Қазақстан облысында оқушыны өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізген мұғалім сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында оқушыны өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізген мұғалім сотталды

11.09.2014
Оңтүстік Қазақстан облысында оқушыны өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізген  мұғалім сотталды

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында оқушы қызды өз-өзіне қол салуға дейін жеткізген  мұғалім екі жылға сотталды.

 Осыдан бір жыл бұрын Сайрам ауданы, Көлкент ауылының 8-сынып оқушысы Баршынай Махмұтханова өз үйінде асылып қалған.

Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, марқұм соңғы тілхатында өліміне кінәлі өзінің ауылдасы,  әрі ұстазы екенін жазып кеткен.

Мұғалімнің қылмысы толық дәлелденіп,  сот залында қамауға алынды.

Айнұр АҚБАЕВА 

Хабарламаларға жазылу