Маңғыстау облысында Бейнеу темір жол бекетіне тоқтаған «Душанбе-Мәскеу» пойызынан ірі көлемде героин табылды.
Шекарашылар оны вагон мен аккумулятор аралығындағы бөліктен тапқан.
Салмағы 2 келі 458 граммды құрайтын есірткі заты полиэтилен қапта, скотчпен оралған күйде жатқан.
Дерек бойынша жан-жақты тергеу амалдары басталды.
Жазира ӘБІЛ