Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамассыз етуде лаңкестерге қарсы тұру негізгі бағыттардың бірі. Осы түйткілді мәселенің алдын-алу үшін Алматы облысындағы «Арыстан» полигонында «Жетісу-Антитеррор-2014» оқу-жаттығуы өтті.
ТМД-ға мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы орталығы елімізде «Каспий-Антитерор» және «Байқоңыр-Антитеррор» жаттығуларын 2005-2007 жылдары өткізген болатын.
Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің «Арыстан», «Боран» жасақтары, Ішкі істер министрлігінен «Сұңқар», «Бүркіт» жасақтары, Мемлекеттік күзет қызметінен «Қалқан» жасағы бірлесіп, шартты түрдегі қарулы лаңкестерді жою тапсырмасын орындады.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ