Семейде қайғылы жағдай болды. Қаладағы салынып жатқан көпқабатты үйдің қабырғасына жарнама ілмек болған жұмысшылардың бірі биіктен құлап, мерт болды.
Жұмысшы билборд орнату үшін, арнайы кран арқылы жоғарыға көтеріліп бара жатқанда құлаған. Дәрігерлер жеткенше, 54 жастағы азамат бас жарақатының салдарынан сол жерде жан тапсырған. Қазір мамандар оқиғаның себебін анықталуда.
Ержан ЖАҚЫП