Астанада «Қазақстан» Ұлттық арнасы «Өмірге үміт сыйла» атты акциясын ұйымдастырды (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Қазақстан» Ұлттық арнасы «Өмірге үміт сыйла» атты акциясын ұйымдастырды (толығырақ)

09.09.2014
Астанада «Қазақстан» Ұлттық арнасы «Өмірге үміт сыйла» атты акциясын ұйымдастырды (толығырақ)

«Өмірге үміт сыйла» акциясын ұйымдастырған «Қазақстан» Ұлттық арна ұжымы төрт сағат ішінде 50-ге жуық қызметкер 15 литрдей қан тапсырды.

Елімізде өмірі бір тамшы қанға байлаулы науқастар саны артуда. Тек гемофилия дертімен 800-ге жуық науқас тіркеуде тұр.

Астанадағы Қан орталығына айына кемінде 1000 доза қан түйіршігіне сұраныс келіп түседі екен.

Еуропа елдерінде әр мың адамға шаққанда 40-50 донордан келеді. Ал бізде әзірге 15-17-ден аспай тұр. Бұл көрсеткішті арттыру үшін осындай шара керек-ақ.

Акция бүгіннен бастап республиканың барлық өңірінде бастау алды. Оған «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты 3 мыңнан астам қызметкер бір кісідей атсалыспақ.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу