Астанадағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы ашылды.
Енді ол жерде бірлік пен татулық насихатталып, халықтар достығы дәріптеледі.
Сонымен қатар, бүгін университетте «Елім менің – Қазақстан» атты патриоттық акциясы өтті.
Патриоттық іс-шара, Елбасының келер жылды «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жариялау туралы Жарлығына орай ұйымдастырылды.
Досымжан ЕРМҰРАТ