Ішкі миграцияны реттеуге көңіл бөлу керек – Нұртай Сабильянов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішкі миграцияны реттеуге көңіл бөлу керек – Нұртай Сабильянов

09.09.2014
Ішкі миграцияны реттеуге көңіл бөлу керек – Нұртай Сабильянов

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов ішкі миграцияның әркелкілігі өңірлерде мектептердің жабылып, тұтастай елді-мекендердің жойылуына әкеліп соғады, деп мәлімдеді.

Соңғы 10 жылда Солтүстік Қазақстан облысының халқы 100 мыңға, Шығыс Қазақстан облысының халқы 60 мың, Ақмола облысының 15 мың, Қостанай облысының халқы 35 мың адамға азайған.

Бұл мектептер мен ауылдардың жабылуына және тұтас өңірдің тұралауына әкеледі.

Соңғы бес жылда тек Шығыс Қазақстан облысында 70-тен астам мектеп жабылып қалған.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

 

Хабарламаларға жазылу