Астанада «Қазақстан» Ұлттық арнасы «Өмірге үміт сыйла» қан тапсыру акциясына қатысуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Қазақстан» Ұлттық арнасы «Өмірге үміт сыйла» қан тапсыру акциясына қатысуда

09.09.2014
Астанада «Қазақстан» Ұлттық арнасы «Өмірге үміт сыйла» қан тапсыру акциясына қатысуда

Бүгін «Өмірге үміт сыйла» атты қан тапсыру акциясы басталды. Ел аумағында осындай жүздеген шара ұйымдастырылды.

«Қазақстан» Ұлттық арнасы да осы қайырымдылық шарасына өз үлесін қоспақ. Таңғы 09:00-ден бастап, «Қазмедиа орталығы» алдында қан тапсыруға арналған арнайы құрылғылармен жабдықталған автобус тұр.

Мұндай шараның мақсаты – гемофилия ауруына шалдыққан науқастарға көмектесу. «Қазақстан» корпорациясының Астанада 900-ге жуық қызметкері бар болса, солардың алғашқылары тіркеліп, қан тапсыруда.

Бұл шараға тек Астанадағы емес, өңірлердегі қызметкерлер де өз үлесін қосады. Шара түскі 12:00-ге дейін жалғаспақ.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу