Қызылордада құтырма ауруынан бір адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада құтырма ауруынан бір адам қайтыс болды

09.09.2014
Қызылордада құтырма ауруынан бір адам қайтыс болды

Қызылордада құтырма ауруына шалдыққан 40 жастағы келіншек қайтыс болды. Сырдария ауданы, Қоғалыкөл ауылында тұратын ол осыдан бірнеше күн бұрын облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыр жағдайда жеткізілген болатын.

Науқастың дене қызуы көтеріліп, бұлшық еттері ауырған, жүрегі айнып, халі күннен-күнге нашарлаған. Өкінішке қарай, жасалған ем-домнан еш пайда болмады.

Ауруы асқынған азаматша жан тапсырды. Қатерлі дерттің қалай жұқтырылғаны белгісіз. «Қауіпті кесел жабайы мысықтан келуі мүмкін»,- дейді дәрігерлер.

Қаракөз Балабекова, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері:

Оны еш жануар тістемеген. Үйінде бір жарым ай бұрын мысық пайда болған. Ауруды сол мысықтан жұқтыруы мүмкін.

Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу