Тіркеуге тұра алмай жүрген Алматы облысының тұрғыны Ұлттық арнаға қоңырау шалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тіркеуге тұра алмай жүрген Алматы облысының тұрғыны Ұлттық арнаға қоңырау шалды

08.09.2014
Тіркеуге тұра алмай жүрген Алматы облысының тұрғыны Ұлттық арнаға қоңырау шалды

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде (7172) 55-38-50  телефон қоңырауларын қабылдап, түйткілді мәселелердің шешілуіне жәрдем жасайды.

Нұрсей Тоқанұлы, Алматы облысы, Ескелді ауданы, Сырымбет ауылының тұрғыны:

Қытайдан көшіп келгелі тұрақты тіркеуге тұра алмай жүрміз. Ыхтиярхат ала алмадық. Ашып берген виза саяхат визасы екен. Оны түсінбегенбіз. Оның уақыты осы айдың 27-і аяқталады. Көші-қон полициясы Қытайға барып, қайта виза аштырып келіңдер, дейді. Балалар оқып жатыр. Қайта барып-келу оңай емес. Осы мәселені қалай шешуге болады?

Нұрмұхан Босқынбаев,   ІІД Көші-қон полициясы басқармасының  ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

Заң өзгеруіне байланысты  шешілмей тұрған мәселе бар. Тұрақты тіркеу үшін сол мемлекеттің келісімі және сотталған, сотталмағаны туралы анықтама керек. Басқа кедергі жоқ. Осы құжаттар болса, қалғаны осы жерде дайындалады.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу