Ұлттық арнаның Жаңалықтар қызметіне Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданына қарасты Пеньково ауылының тұрғыны Нұрлан Ахметов Петропавлға жақын жерде тұрса да, таза ауызсумен қамтамасыз етілмегенін айтып хабарласты.
Көрермен сауалына Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданынының Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлім басшысы Бәкішев Жоламан Қабдоллаұлы жауап берді.
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде (7172) 55-38-50 телефон қоңырауларын қабылдап, түйткілді мәселелердің шешілуіне жәрдем жасайды.