Кембағал балалар емге ғана емес, ортаға да зәру. Ақтөбеде осындай бүлдіршіндерді өмірге бейімдеп, қамкөңіл ата-анаға көмек көрсететін медициналық орталықтың жұмыс істегеніне 2 жылға таяды.
Жүйке жүйесінде, дамуында түрлі ауытқушылығы бар 120 баланы қамқорлыққа алған 15 маман ем жасайды.
Дәрігерлер алғашында 84 бала үйіне жіберді. Массажшы уқалап, сурдопедагог естімейтін баланы емдеп, логопед тілі шықпағанды сөйлетуге тырысуда.
Мүгедек балалардың жағдайы түзеліп келеді. 20 жеткіншекте оңды өзгеріс бар. Мұнда баласын әкелуге ниеттілер көп.
Әлия ТАЛАСОВА