Таразда мүмкіндігі шектеулі жандарға компьютердің қыр-сыры үйретілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда мүмкіндігі шектеулі жандарға компьютердің қыр-сыры үйретілді

05.09.2014
Таразда мүмкіндігі шектеулі жандарға компьютердің қыр-сыры үйретілді

Жамбыл облысында тұратын мүмкіндігі шектеулі 40 адам компьютерлік бағдарламаларды 2 ай бойы оқып меңгергені туралы арнайы куәлік алды.

Мұнда қол аяғында кемістігі бар азаматтардан бөлек, қос жанарынан айырылған зағиптардың да техника тілін меңгеруіне жағдай жасалған.

Әлеуметтік жобаны үкіметтік емес ұйым мүшелері іске асырған. Енді олар жыл соңына дейін тағы 40 азаматты оқытып, білімін жетілдірмекші.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

 

Хабарламаларға жазылу