Қостанай облысының 38 жастағы тұрғыны есірткімен ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысының 38 жастағы тұрғыны есірткімен ұсталды

04.09.2014
Қостанай облысының 38 жастағы тұрғыны есірткімен ұсталды

Қостанай қаласында полицейлер  Қарасу ауданының 38 жастағы тұрғынын есірткімен ұстады. Ол 1 келіден астам марихуананы жеке көлігіне жасырыпты.

Қазір күдіктінің кінәсін айғақтайтын заттарды жинақтауға, осы қылмысқа қатысты басқа да адамдарды анықтауға бағытталған шаралар жүргізілуде.  

 «Көкнәр» операциясы кезінде облыс аумағында  есірткі айналымына қатысты 80-нен астам қылмыс ашылып, 30 келіден астам есірткі заты тәркіленген.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу