Елімізде жолақы қымбаттағанымен, қоғамдық көлік қызметінің сапасы арта қойған жоқ.
Астанада бір күнде мыңдаған жолаушыны тасымалдайтын қоғамдық көлік жүргізушісі жолда қирап қалмаудың қамын ойлайды. Ол үнемі жоспарланған уақыттан кеш шығады, белгіленген жеріне жете алмайды.
160 мың халқы бар Талдықорған қаласында 120 автобус қала ішінде қызмет көрсетеді. Бірақ ол да жеткіліксіз.
Шымкент көшелерінде де тозығы жеткен көліктер жүйткіп жүр. Ол аздай, жүргізушілердің жол үстінде бір-бірімен жарысып, жолаушылар өміріне қауіп төндірген оқиғалар да бар.
Индира БЕГАЙДАР