Құрметті көрермендер 55-38-50 телефонына хабарласып, өзіңізді мазалап жүрген қандай да бір сұрағыңызға тікелей эфирде жауап алуға мүмкіндігіңіз бар.
Исабекова Гауһар, Алматы қаласының тұрғыны:
Теректі елді мекенінде тұрамын. Балам 1-ші сыныпқа барды. Мектепте орын жетіспейді. 360 балаға арналған мектепте мыңнан аса бала оқиды. Мұндай жағдайда балалар қалай білім алады? Осы мәселе қарастырылып, шешімін таба ма? Осы сұраққа жауып беріңіздерші?
Маржан Балабаева, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары:
Бұл мәселені білеміз. Алматы облысы, Алатау ауданына қосылған елді мекендердегі мектептегі оқушылар шамадан тыс. Осыған байланысты әкімшіліктің тарапынан Алғабас, Теректі елді мекендерде 800 орындық қосалқы мектеп салу жөнінде ұсыныс жасалды. Рахат, Мәдениет елді мекенінде 900 орындық мектеп салуға ұсыныс беріп отырмыз. Мәселе біздің бақылауымызда.