Ядролық сынақтарға қарсы күрес күнін Бельгия жұрты да атаусыз қалдырмады.
Әсіресе, елдің Солтүстік-Батысында орналасқан Ипр қаласының басшылығы бұл күнге ерекше мән береді.
Жойқын қарудың зардабы қалай болатынын қала басшылығы білгендіктен, Қазақстанның «ядролық қарудан бас тарту» туралы бастамасын қуана қолдады.
1982 жылы құрылған «Мэрлер бейбітшілік үшін» ұйымына бүгінде 5600 қаланың әкімі мүше.
Нұрсұлу ҚАСЫМ