Бүгін - Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні. Бұл орайда Қазақстанның ядролық қаруға қарсы бастамасы - әлемдік тұрақтылық пен тыныштықты сақтап қалуға қосқан өлшеусіз үлесі.
Британдық сарапшы Ник Роуэннің пікірінше, Қазақ елі Семей ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тарту арқылы өзге мемлекеттерге үлгі көрсетті.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақты қалыптастыруда көшбасшы рөлге ие, дейді сарапшы.
Осыдан бірнеше жыл бұрын БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Нұрсұлтан Назарбаевтың 29-шы тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялау туралы ұсынысын қолдаған болатын.