Ұлттық арнаның Жаңалықтар қызметі тікелей эфирде қоңырау қабылдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнаның Жаңалықтар қызметі тікелей эфирде қоңырау қабылдайды

28.08.2014
Ұлттық арнаның Жаңалықтар қызметі тікелей эфирде  қоңырау қабылдайды

Бүгіннен бастап, Ұлттық арнаның Жаңалықтар қызметі тікелей эфирде  телефон қоңырауларын қабылдап, түйткілді мәселелеріңіздің шешілуіне жәрдем жасайды.

8 (7172) 55-38-50  телефонына хабарласып, өздеріңізді толғандырған мәселелерді ортаға тастауларыңызға болады.

Әскербек Иманханов, Алматы облысы, Сарқан ауданының тұрғыны:

Күз айында қант қызылшасын өткізетін жер таппай әуреге түсеміз. Бұл мәселенің шешімі бар ма?

Тынышбай Досымбекұлы, Алматы облысы әкімінің орынбасары:

Алматы облысының Балпық би кентінде «Көксу шекер» қант зауыты бар. Келесі жылдан бастап, 1 тонна қант қызылшасына 13 мың теңге көлемінде ақша төленетін болады.

 

 

Хабарламаларға жазылу