Қарағанды облысында кісі қағып өлтірген полицей қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында кісі қағып өлтірген полицей қамауға алынды

28.08.2014
Қарағанды облысында кісі қағып өлтірген полицей қамауға алынды

Қарағанды облысы, Абай ауданына қарасты «Топар-Жартас» тасжолында қызметтік көлігімен кісі қағып өлтірген Қарағанды Ішкі істер басқармасы,  Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі бастығының орынбасары  Жансерік Дәуренбеков қамауға алынды.

Оған Қылмыстық Кодекстің 2-бабы бойынша айып тағылды.

Полицей бірнеше күн бұрын  жаяу жүргінші өткелінде адам қағып кеткен болатын. 26 жастағы қыз  оқиға орнында жан тапсырды.

Куәгерлердің айтуынша, Топардағы демалыс орнынан қайтып келе жатқан Дәуренбеков пен жанындағы серіктері  оқиға орнынан тайып тұрған.

 Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу