Қазақстан Республикасының Ата Заңына - 19 жыл

27.08.2014
Қазақстан Республикасының Ата Заңына - 19 жыл

1995 жылы қабылданған Ата Заңның  мазмұны 90 пайызға  сақталған.  Конституция күні  қарсаңында мұндай жаңалықты  елдегі конституциялық кеңестің төрағасы Игорь Рогов хабарлады.

Жалпы, Кеңес құрылғалы оған 130-ға жуық шағым түскен. Белгілі бір заңдардың Конституцияға қайшы келмейтіндігін анықтау үшін депутаттар 74 рет өтінім білдірсе, Президент 21 өтінім берген.

Ал Конституциялық кеңес бүгінге дейін 25 түрлі заң мен халықаралық құжатты Ата Заңға қайшы, деп тапқан. Еске сала кетейік, санаулы күндерден кейін еліміз Ата Заңның қабылданғанына 19 жыл толғанын атап өтеді.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу