Конституция күні қарсаңында Алматыда «Азаттықтың Ата Заңы» атты мерекелік кеш өтті. Мақсат - мемлекетіміздің басты мерекелерінің бірі Конституция күнін ұлықтау. Мерекелік шара салтанатты түрде ашылған соң, «Нұр Отан» партиясына жаңадан мүше болған азаматтарға партия билеті табысталды. Мың бұралған бишілер би билеп, әсем ән шырқалды. Конституция күнін дәріптеу арқылы елдің бірлігін арттырғымыз келеді, дейді ұйымдастырушылар.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ