Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен салық органдары қызметкерлерiнiң жалақысын арттыру қажет.
Партияның 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобасы талқыланған жиында азаматтармен тікелей жұмыс істейтін мекеме қызметкерлерiнiң еңбекақысын арттыру керектігі айтылды.
Қазір Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыс істейтін қызметкерлердің орташа жалақысы – 65 мың теңге, салық саласында – 60 мың теңге. Ал жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері 45 мың теңге жалақы алады.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ