Канадалық тарихшылар мен «Әлем дәрігерлері, ядролық соғысты болдырмау үшін» қозғалысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей полигонын жабу туралы идеясын маңызды қадам деп біледі.
Виннипег университеті ғалымдарының пікірінше, халықаралық қозғалыстың 21-ші Дүниежүзілік конгресінің Астанада өтуі - ғаламдық құбылыс.
«Ядролық қару мен сынақтардан саналы түрде бас тартқан Қазақстан - атомды бейбіт мақсатта қолдана отырып, берекелі тірлік кешуге болатынын әлемге мойындатқан бірден-бір ел. Ал Нұрсұлтан Назарбаев өзін, әлемдік қауымдастықта бітімгер-президент ретінде қалыптастырды», - дейді тарихшылар.