Қарағандыда полицей қызметтік көлігімен кісі қағып өлтірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда полицей қызметтік көлігімен кісі қағып өлтірді

25.08.2014
Қарағандыда полицей қызметтік көлігімен кісі қағып өлтірді

Абай ауданына қарасты «Топар-Жартас» тасжолында кеше Қарағанды Ішкі істер басқармасы Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі бастығының орынбасары қызметтік көлігімен кісі қағып өлтірді.

Жансерік Дәуренбеков «Нива» көлігімен жаяу жүргінші өткеліндегі адамды  қағып кеткен.  26 жастағы қыз сол жерде жан тапсырды.  

Куәгерлердің айтуынша,  Топардағы демалыс орнынан қайтып келе жатқан Дәуренбеков пен жанындағы жолдастары оқиға орнынан тайып тұрған.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу