4 ай бұрын жоғалған ақтөбелік сержант әлі табылмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

4 ай бұрын жоғалған ақтөбелік сержант әлі табылмады

25.08.2014
4 ай бұрын жоғалған ақтөбелік сержант әлі табылмады

Түнгі кезекшіліктен үйіне оралмаған ақтөбелік Арман Сұрағановтың жоғалғанына 4 ай болды.

Қорғаныс істері жөніндегі басқарма қызметкеріне іздеу жарияланды.

Бірақ, нәтиже жоқ. Туыстары «Оны белгісіз біреулер жұмыс орнынан алып кеткен», дейді. Бөлмедегі қан іздері мен шашылған заттар айғақ.

Ата-анасы мен жарының үміті сөнген жоқ. Арманды табуға көмек көрсеткендерге сыйақы бермекші.

Өйткені, Ішкі істер департаменті қызметкерлерінің ісіне наразы.

 

Әлия ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу