Оңтүстік Қазақстан облысында жер сілкінісі тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында жер сілкінісі тіркелді

23.08.2014
Оңтүстік Қазақстан облысында жер сілкінісі тіркелді

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласында 4,5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 767 шақырым жерде орналасқан.

Мамандардың айтуынша, қазір онда арнайы комиссия құрылып, тиісті жұмыс шараларын жүргізуде. Сейсмикалық станция мамандары  жер сілкінісін Астана уақыты бойынша 12 сағат 13 минут 22 секундта тіркеген.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу