100-ден астам ұялы телефонды заңсыз алып өтпек болған 3 азаматтың жолы кесілді. Қазақстандық шекарашылар оларды «Қорғас» шекаралық бақылау бекетінде ұстаған.
Азаматтардың жүктерін қарау кезінде әуелі заңсыз 96 дана ұялы телефон анықталған. Кейін ұсталғандардың бірінің денесіне лентамен, байланып жасырылған 22 дана телефон тағы табылды. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.