Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қоғамдық көмекшілер институты құрылғанына 5 жыл толды. Билік пен халықтың арасында алтын көпір қызметін атқаратын мұндай институт тек осы өңірде ғана бар.
Әрбір аудан мен қаладағы қоғамдық көмекшілер жергілікті халықтың проблемалары мен жалпы саяси-экономикалық жағдайды тікелей аймақ басшысына хабарлап тұрады. Олар көтерген мәселелердің 90 пайызы оң шешімін тапқан.
Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өзінің қоғамдық көмекшілерімен кезекті рет кездескенінде айтты. Жиында 5 жылдық жұмысқа қорытынды жасалып, алдағы уақытта қай салаларды жіті назарда ұстау керектігі талқыланды.
Кездесу соңында қоғамдық көмекшілерге облыс әкімінің алғыс хаттары табысталды. Сондай-ақ, жаңадан тағайындалғандар қызметтік куәліктерін алды.
Берік КӨШЕРБАЕВ