Биыл Семей полигонының жабылғанына - 23 жыл. Осыған орай, бүгін Астанада «Семей ядролық полигоны» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен республикалық конференция өтті.
Оған Парламент депутаттары мен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Олар семейліктер қазақ тарихында 40 жылға созылған қасіреттің зардабын әлі де тартып келетінін айтып, өңірдегі тұрғындардың әлеуметтік және экономикалық жағдайын тілге тиек етті.
Қатысушылар полигонның залалын шеккен соңғы тұрғын сауығып кетпейінше, полигон тақырыбы ашық қала беретінін айтты. Сондықтан, конференция барысында тұрғындардың ем-дом алу жолдары мен оларды әлеуметтік қорғау мәселелеріне басымдық берілді.
Айдана ҮСЕНБАЙ