Биыл – Қазақ радиосына 95 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл – Қазақ радиосына 95 жыл

26.09.2016
Биыл – Қазақ радиосына 95 жыл

Биыл қазақтың рухани тірегі, ұлттың үні Қазақ радиосына - 95 жыл. Түп-төркіні сонау 1921 жылдың қазан айынан басталатын Қазақ радиосы талай тарихты бастан өткерді. Сол кезден бастап Орынбор қаласынан бүкіл республикаға трансляция беріле бастады.

Қазақ радиосы хабарларды біртіндеп тақырып бойынша топтастырды, дербес және тектес ақпараттарға бөлу нәтижесінде журналистік електен еткізді. Сөйтіп, республикалық эфирден үңдеулер, шақырулар, деректер, нұсқаулар, мәліметтер, жаңалықтар үзбей жиі берілетін болды. 1926 жылдың 3 қазанынан бастап Қызылорда қаласында Қазақ радиосы өз хабарларын тұрақты беруді одан әрі жалғастырды.

Алматы радиостанциясы 1931 жылы 1 мамырда ашылды. 30-шы жылдар Қазақ радиосының даму жылдары болды. Радиожурналистика жолға қойылып, радио бұқаралық ақпарат құралдарының бірі ретінде нығайып, бекіді.

Қазақ радиосы

50-ші жылдар

Қазақ радиосы

50-ші жылдар

Қазақ радиосы

Дикторлар: Мина Сейітова, Зәмзәгүл Шәріпова, Қатира Әзімбаева, Әнуарбек Байжанбаев, Мұқағали Мақатаев, Осман Дүйімбаев. 1962 жыл

Қазақ радиосы

Дикторлар: М.Сейітова, Ж. Асқарова, Ж. Омарқожаева

Қазақ радиосы

Үзіліс кезінде. Болат Атагелдиев, Құмарбек Сыдықов, Нұрлан Үсенов, Ақыл Құланбаев, Тоқсын Құлыбеков

Қазақ радиосы

80-ші жылдар. Редакция ұжымы

Қазақ радиосы

Спорт комментаторы Сұлтанғали Қаратаев сұхбат алу сәтінде

Қазақ радиосы

Журналист Махат Садық белгілі қаламгер Шерхан Мұртазадан сұхбат алуда. 1989 жыл

Қазақ радиосы

Дикторлар Бүркіт Бекмағамбетов, Шолпан Ахметова, Нұрлан Өнербаев

Қазақ радиосы

ҚР Еңбек сіңірген әртісі, диктор Сауық Жақатова

Қазақ радиосы

Журналист Төлеу Қосанов ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановпен сұхбаттасуда 

Қазақ радиосы

Дыбыс режиссері Степан Высочанский мен режиссер Лұқпан Еленов концерттік студияда дыбыс жазу кезінде. 1976 жыл

Қазақ радиосы

Қазақ радиосының ұжымы. 80-ші жылдар

Қазақ радиосы

Қазақ радиосының ұжымы. 1983 жыл

Қазақ радиосы

Музыка редакциясының редакторы Қазина Нұрқанова

 

Бүгінде Қазақ радиосы тәулік бойы 9 тілде хабар таратады: қазақ, орыс, неміс, ағылшын, корей, ұйғыр, әзірбайжан, түрік және татар тілінде. Аптасына 148 хабар эфирге шығады.

Қазақ радиосының жанрлары бойынша пайыздық айырмашылығы:

  • Ақпараттық-сараптамалық            18 пайыз;
  • Қоғамдық-танымдық                     25 пайыз;
  • «Достық» бағдарламасы               3 пайыз;
  • Әдеби-сазды                                   17 пайыз;
  • Балаларға және жастарға арналған       5 пайыз;
  • Мұрағат                                          5 пайыз;
  • Музыка                                           25 пайыз;
  • Жарнама                                         2 пайыз;

Әр тоқсан сайын Қазақ радиосының әуе толқынынан «Астана-Мәскеу» («Радио России» радиостанциясымен бірлескен жоба), «Астана-Минск» (Беларусь радиосымен бірлескен жоба), «Астана-Бішкек» (Қырғызстан радиосымен бірлескен жоба) радиокөпірлері эфирге шығады.

Қазақ радиосының «Радио России» және «Мир» радиосымен бірлескен жобалары:

  • «Ой бөлістім халқыммен», 12-бөлім (Мәтінін оқыған СССР халық әртісі Владимир Андреев);
  • «Н.Назарбаев. Автобиография», 28-бөлім (Мәтінін оқыған СССР халық әртісі Василий Лановой)
  • «Волоколам тас жолы», 134-бөлім (Мәтінін оқыған СССР халық әртісі Виктор Татарский);
  • «Это мы» (ТМД-ға мүше мемлекеттер аумағындағы маңызды және мәдени жаңалықтарға шолу);

Аптасына 2 рет «Айтөбел» бағдарламасы аясында радиоконференциялар өтеді. Дүйсенбі-жұма аралығында сағат 11:35-те әуе толқынына шығатын «Қас-қағым» радиоойынының жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталады.

Қазақ радиосы

 

Қазақ радиосы

«Айтөбел» бағдарламасы. Радиоконференция

Қазақ радиосы

Жазушы Сәбит Досанов Қазақ радиосына қонаққа келген сәт

 

Қазақ радиосының  ресми сайты http://kazradio.kz 2006 жылдың 08 тамызынан бері интернет кеңістігінде. Онлайн трансляция 2011 жылдың 18 шілдесінен бері жұмыс істейді.

Қазақ радиосының Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған жобалары:

  • «Жылдар мен ойлар». 30 хабар. Елбасы Н.Назарбаевтың әр жылдарда жарық көрген кітаптарынан, мақалалары мен сөйлеген сөздерінен іріктеліп алынған толғамдары мен қанатты сөздері.
  • «Тәуелсіздікті жырлаймын». Қазақ радиосы, «Chevron» компаниясы және «WikiBilim» қоғамдық қорының бірлескен жобасы;
  • «Тәуелсіздік шежіресі». 50 хабар;
  • «Зарубежные послы о Казахстане» («Елшілер Қазақстан туралы»). Радиоәңгіме;

Қазақ радиосының 95 жылдығы мен «Шалқар» ұлттық радиосының 50 жылдығына орай ел өңірлерінде «Қазақ радиосын тыңдап, қазақша сөйлейміз!», «Біз радиомен біргеміз!» акциялары өтіп жатыр. Акция аясында Шымкент қаласындағы облыстық қуыршақ театрында, «Бал Текстиль» кілем фабрикасында және қоғамдық орындарда, сонымен қатар, Қарағанды гуманитарлық колледжінде Қазақ радиосы сайрап тұр.

2016 жылы 28 маусым - Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай ҚР Президенті Н.Назарбаев әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асырудың барысын, мемлекеттік тілді және ұлттық мәдениетті дамыту мәселелерін жан-жақты жариялап, көрсеткені үшін Қазақ радиосының шығармашылық ұжымына Алғыс жариялады.

Қазақ радиосы

 

Қазақ радиосы

Қазақ радиосының директоры Махат Садықты «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова құттықтады

 

Айта кетейік, Қазақ радиосының 95 жылдығы 28 қыркүйекте кең көлемде аталып өтеді. Астанадағы «Қазмедиа орталығында» «Халықаралық байланыстар орнатудағы ұлттық радионың рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Сонымен қатар, Қазақ радиосының төл туындысы – «Ұлы Дала дауысы» радиофестивалінің Гала-концерті ұйымдастырылады.

 

Хабарламаларға жазылу