Қорғаныс өнеркәсібін диверсификациялау қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорғаныс өнеркәсібін диверсификациялау қажет

21.08.2014
Қорғаныс өнеркәсібін диверсификациялау қажет

Бүгін Қорғаныс министрі Серік Ахметовтің төрағалық етуімен еліміздің қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту жөніндегі кеңейтілген көшпелі кеңес өтті. Жиынды ашқан министр отандық қорғаныс өнеркәсібін дамыту мәселесін сөз етті.

Оны диверсификациялауға және экспорттық әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөлу қажет, деді. Осы отырыста, Ахметов мырза отандық әскери өнімдер шығаратын мекемелерді қолдау үшін, тапсырыстар көлемін арттыру қажеттігін айтты.

Іс-шара соңында, Серік Ахметов жиынға қатысушы әскерилерге «мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс уақытылы және сапалы орындалуы қажет. Бұл шаруаны қатаң қадағалауға алыңыздар, деп тапсырды.

Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу