Жекешелендірудің екінші толқыны - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жекешелендірудің екінші толқыны

21.08.2014
Жекешелендірудің екінші толқыны

Мүлікті жекешелендірудің екінші толқыны аясында маусым айынан бастап 28 нысан сатылды. Олардың 12-сі коммуналдық меншік нысаны болса, 16-сы мемлекеттік холдингтерге тиесілі кәсіпорындар.

Сатылған мүліктің жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден асып отыр. Бұл туралы мүлікті жекешелендіруді іске асыруда кездескен мәселелерді талқылау барысында Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов мәлім етті.

Оның айтуынша, жеңімпаздардың басым бөлігі алматылықтар, 4 жеке және 4 заңды тұлға жеңіске жеткен. Алматыдан кейін Қостанай және Ақтөбе облыстары тұр.

Диана АХМЕТЖАН

Хабарламаларға жазылу