Жүкті әйелді сәбиімен бірге қаққан шенеунік жазасын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүкті әйелді сәбиімен бірге қаққан шенеунік жазасын алды

21.08.2014
Жүкті әйелді сәбиімен бірге қаққан шенеунік жазасын алды

Бүгін Алматыдағы қалалық сотта шенеунік Бақыт Құрмашевтың қылмыстық ісіне байланысты брифинг өтті.  Естеріңізде болса,  Алматы облысы Ұйғыр аудандық Салық басқармасының басшысы Бақыт Құрмашев 20 маусымда «Lexus» маркалы автокөлігімен Алматы қаласындағы Жансүгіров пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында баласын жетектеген аяғы ауыр ананы қаққан болатын.

Ол жапа шеккен ана мен баланы оқиға орнында тастап қашып кетпек болған. Қуыс көшелердің біріне бұрылған көлік иесін оқиға куәгерлері қоршап, ұсталған болатын. Әкімшілік сотта Құрмашев өзінің кінәсін толық мойындады.

Жәбірленушілерге қаржылай, материалдық көмек көрсеткенін жеткізді. Кінәлі шенеунік Қылмыстық Кодекстің 3 бабы бойынша жауапқа тартылған болатын.

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу