Оралда отандық ұшақ шығарыла бастады

Оралда отандық ұшақ шығарыла бастады. Оның алғашқы нұсқасы өңірге келген Қорғаныс министрі Серік Ахметовке көрсетілді. Жалпы мақсаттағы әуе ұшағы Батыс Қазақстан машинақұрастыру компаниясында АҚШ-тың «Ланк-эйр» компаниясымен бірігіп шығарылған.
Бұл – көмірсутекті шикізаттан жасалған тәжірибелі көлік. Көк жүзінде сағатына 400-500 шақырымды игереді. Ұшақтың ұшу ұзақтығы - 1300-2000 шақырым. Тиімділігі – осындай үлгідегі ұшақтар авиациялық бензинмен жүрсе, бұған керосин отыны құйылады.
Бұл – әзірге тәжірибе түрінде жасалған бірегей көлік. Егер жобаны Үкімет мақұлдап, демеуқаржы бөлсе, мұндай такси ұшақтардың түр-түрі жасалмақ. Елімізде баламасы жоқ әуе көлігі зауытта екі жыл бойына құрастырылып, былтыр тапсырылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада түз тағысы босатылды
18.09.2025, 14:30

ЖИ-ді білім саласына енгізудің ұлттық стандарты бекітілді
18.09.2025, 14:27
Су деңгейін бақылайтын цифрлық жүйе құрылады
18.09.2025, 14:24
Елордада «Astana Archive Fest – 2025» халықаралық форумы басталды
18.09.2025, 14:21
Жас дін көшбасшыларының ІІ форумы нақты шешімдер алаңына айналды
18.09.2025, 14:18
Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды
18.09.2025, 14:15
Украинаны қаруландыруға тағы $3,5 миллиард бөлінеді
18.09.2025, 14:12
Газадағы соғыс құрбаны 65 мыңнан асты
18.09.2025, 14:09