Алматыда үйлері өртеніп кеткен 50 адам шатырда тұруға мәжбүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда үйлері өртеніп кеткен 50 адам шатырда тұруға мәжбүр

19.08.2014
Алматыда үйлері өртеніп кеткен 50 адам шатырда тұруға мәжбүр

Алматы қаласындағы өртенген екі қабатты үйдің 50 тұрғыны бірнеше күннен бері ауладағы лашықта тұрып жатыр.

Олардың қатарында мектеп жасындағы 10 бала мен 11 бүлдіршін бар.

Естеріңізге сала кетейік, өрт 14-тамызда түн ортасында Түрксіб ауданына қарасты Щербаков көшесіндегі 6-шы тұрғын үйден шыққан.

Өрт сөндірушілер жалынмен екі сағаттай арпалысып, толық сөндірген.

Алайда, үйсіз қалған 16 отбасының тұрғындары қиын-қыстау жағдайға тап болды.

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

 

Хабарламаларға жазылу