24-29-тамыз күндері Қытайдың солтүстігінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдері бірігіп, терроризмге қарсы жаттығу өткізеді.
Ішкі Моңғолия автономиялық аймағында ұйымдастырылатын шараға Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Қырғыз Республикасы жауынгерлері қатысады.
«Бейбіт миссия-2014» жаттығуының алдына қойған мақсаты – аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Оған 7 мыңдай адам, шабуылдаушы, жүк тасушы ұшақтар, тікұшақтар мен танкілер қатысады.
Арыстан РЫСБЕК