Бүгін Мәскеу уақыты бойнша сағат түнгі бірде Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағы Сириядан кетуге ниет білдірген 60 адамды Мәскеуге жеткізді.
Олардың арасында 1971 жылы туған Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, Қазақстан азаматы А. Рахмун да бар.
Қазақстанның Мәскеудегі консулдығының қызметкерлері оны әуежайдан күтіп алып, туыстарына жеткізген. Бүгін-ертең ол елімізге оралады.