Павлодарлық тұрғын 19-шы ғасырда жасалған көне роялді облыстық көркемсурет мұражайына тапсырды. Мамандар айтқан мәліметке қарағанда дәл осындай аспап әйгілі орыс сазгері Петр Чайковскийде болған.
Екі ғасырлық тарихы бар күйсандық әлі де сыңғырлап тұр. Павлодарға Санкт-Петербургтан 80-ші жылдары әкелініпті. Роял 1810 жылы ағайынды Дидерихстер ашқан Санкт-Петербург фабрикасында жасалған.
Болат АМАНБАЕВ