Астана қарттары тегін демалуда. Қалалық ардагерлер кеңесі тұрмыстық жағдайы төмен, жалғызбасты қарияларды кезек-кезегімен демалыс үйлеріне жіберуді бастаған.
Игі шара барысында қала бойынша 120 қария 10 күннен демалыс орындарында болып қайтпақ. Астанадан қырық шақырым жердегі «Нұра» демалыс үйіне қарттар таңғы сағат 9-да келіп, кешкі 6-да қайтады.
Саламат ОМАШ